Алматыда Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институтында VIII Қазақстан-Франция форумы аясында екі елдің жоғары оқу орындарының француздық білім жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Еліміздегі Франция елшілігі, Campus France француз ұлттық агенттігі және Абай университеті ұйымдастырған бұл іс-шара жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің бітіруші сынып оқушыларының және Алматы жоғары оқу орындары студенттерінің назарын аударуға бағытталып отыр.
Жәрмеңкеде INALCO, Лотарингия университеті және Пуатье университеті сияқты т.б. француздық серіктес университеттермен бірлесіп жүзеге асырылатын Абай университеті Сорбонна-Қазақстан институтының қазақ-француз білім беру бағдарламалары ұсынылды.
Абай университетінің Сорбонна-Қазақстан институтында халықаралық құқық, халықаралық қатынастар, экономика бағыттарында қос дипломдық білім беру бағдарламалары сәтті жүзеге асырылып жатыр.
Алматыда француздардың білім жәрмеңкесі өтті
Оқи отырыңыз
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды