ҚР ҰҚК

Алматыда есірткі зертханалары бар ірі қойма жойылды

12.06.2025 10:03 13646

Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен 2 есірткі зертханасы мен прекурсорлары бар ірі қойманы жойды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

ҰҚК мәліметінше, есірткі заттарын дайындау кезінде Қазақстанның үш азаматы ұсталды, оларға қатысты сот санкциясымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

15 келіден астам «мефедрон» психотропты заты мен 650 литр прекурсор, сондай-ақ есірткі заттарын дайындауға арналған зертханалық жабдық анықталып, тәркіленді, - делінген мәліметте.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Жалпы, жыл басынан бері елімізде төрт тоннадан астам есірткі тәркіленді. Бұған дейін тас жолда есірткі курьері ұсталғаны туралы жаздық.