Жаңалықтар

Алматыда ер адамды ұрламақ болғандар ұсталды

Алматыда ер адамды ұрламақ болғандар ұсталды
Фото: polisia.kz 01.03.2023 14:43 617

Алматы полицейлері адам ұрлаудың жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қылмыс қаланың Алмалы ауданында болған.

"ЖБО жедел кезекшісінен Chevrolet көлігіне адамды күштеп отырғызу туралы хабарлама келіп түсті. Қала бойынша арнайы "Перехват" жоспары енгізілді. Аталған көлік Гоголь мен Пушкин көшелерінің қиылысында көзге түскен. Ізіне түсу нәтижесінде көлікті екі экипаж Мақатаева мен Жетісу көшелерінің қиылысында жауып тастады. Салонда үш адам болған, олар ұсталды. Жүксалғыштан тағы бір ер адам табылды, ол аталған көліктің иесі екендігі белгілі болды. Күдіктілер жедел-тергеу тобына тапсырылды. Олардың әрекетіне құқықтық баға берілетін болады", - деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ППП взводының командирі Мейіржан Қалкеев.

Ұсталғандардың айтуынша, Chevrolet көлігінің иесі оларды ірі көлемдегі ақшаға алдап кеткен.

Осылайша олар қарызды қайтарып алмақ болған. Ал жәбірленуші керісінше айтып, оны құтқарған полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Қылмыстық істің басқа да мән-жайлары ҚР ҚПК-нің 201 бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға