Жаңалықтар

Алматыда ер адам автобус астына түсіп мерт болды

Алматыда ер адам автобус астына түсіп мерт болды
Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ 02.11.2023 15:42 688

Алматы қаласында белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан 47 жастағы ер адамды автобус қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқыс оқиға таңғы сағат 05.20 шамасында болған.«Iveco» маркалы автокөлігін тізгіндеген Ж. есімді азамат Бұқтырма көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Майлин көшесіне оңға бұрылу кезінде И. атты жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды.

«Аталған дерек бойынша Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сараптама тағайындалды», - деп хабарлады полиция.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға