Жаңалықтар

Алматыда электрші бағана басында тірідей жанып кетті

Алматыда электрші бағана басында тірідей жанып кетті
Фото: Видеодан алынған кадр 13.10.2023 11:17 2260

Әлеуметтік желіде электршінің бағанаға жабысып қалғанының видеосы тараған болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түрксіб аудандық Полиция басқармасы электр желілерін жөндеп жатқан электрші тірідей жанып кеткенін растады.

Түрксіб аудандық полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жағдай анықталып жатыр, – делінген хабарламада.

Ал Алматы ТЖД баспасөз қызметі электршінің жеке компанияда жұмыс істегенін алға тартып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға