Жаңалықтар

Алматыда екі жаңа автобус бағыты ашылды

Алматыда екі жаңа автобус бағыты ашылды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 15.11.2023 22:17 530

Алматыда тағы екі жаңа автобус бағыты іске қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматыда «Сәлем» базары мен Іле ауданындағы Исаев кенті арасында жүретін №235 жаңа қала маңына қатынайтын бағыт ашылды.

Шағын сыйымдылықтағы 10 автобус жолаушылар тасымалына шықты. Бұл Алматы агломерациясын дамыту аясында ашылған алтыншы бағыт. 2024 жылдың соңына дейін 50 елді мекенді қамтитын 20 жаңа қала маңы маршрутын ашу көзделген, – делінген Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұған қоса, 15 қарашадан бастап "Райымбек батыр" метро бекетінен Іле ауданындағы Gate City ТҮК-не дейін №89 жаңа қалалық маршрут жүре бастады.

Бұл бағытқа үлкен сыйымдылықтағы 13 автобус қызмет көрсетеді. Алматының өзінде жыл басынан бері 22 қалалық бағыттың жылжымалы құрамы жаңартылды, - деп жазды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар Алматыда қала маңына қатынайтын жаңа бағыт қосылды. Ол 30 қазаннан бастап көлік желісіне қала маңына қатынайтын №247 бағыт бойынша 4 жылжымалы бірлік шығады. Ол «Бұрылатын алаң Төле би – Яссауи – Мыңбаев кенті» сызбасы бойынша жүреді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға