Жаңалықтар

Алматыда дүкен ішінде атыс шығарған ер адам ұсталды

Алматыда дүкен ішінде атыс шығарған ер адам ұсталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 13.02.2024 01:35 426

Алматыда қаруланған ер адам көкөніс дүкеніне кіріп, атыс шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада белгісіз біреудің көкөніс дүкенінде қарудан атыс шығарғаны, салдарынан бір ер адамның жараланғанын көруге болады.

Желіде тараған басқа ақпаратта оқиға өткен жылдың желтоқсан айында «Sholpan city» тұрғын үй кешенінде болғаны жазылған.  

Алматы қаласының полиция департаменті бұзақылық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс келесі күні Тергеу басқармасымен алғашқы тергеу іс-шараларының деректері негізінде кісі өлтіруге оқталу бойынша қайта даярланғанын хабарлады.

Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Заттай дәлел тәркіленді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында, - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға