Жаңалықтар

Алматыда дәмханадан өрт шықты

Алматыда дәмханадан өрт шықты
Фото: Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 30.03.2023 09:32 939

Алматыда Бостандық ауданы Розыбақиев көшесі 274 мекен жайындағы дәмханадан өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«Өрт сөндіру бригадасы жоғары ранг бойынша жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минутта жетті. Белгілі болғанындай 3 қабатты дәмхананың шатыры отқа оранған. Жақын маңдағы ғимараттарды қызыл жалынан қорғау үшін өрт оқпандары енгізілді. Дереу автоцистерналар гидранттарға орнатылды, магистральдық желілер тартылып, үздіксіз сумен қамтамасыз етілді. Өрт сөндіру сатысы да қолданылды», - деп хабарлады ведомстводан.

Өрт 30 шаршы метрді шарпыған. Өртті сөндіруге 15 техника мен 41 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Төтенше оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға