Алматыда блогерлер ақша бопсалағаны үшін ұсталды

Фото: POLISIA.KZ
Фото: POLISIA.KZ
23.01.2025 10:30
509
Полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша кәсіпкер мен екі блогерді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ мәліметінше, күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоқы көрсетіп, 8 миллион теңге бопсалаған. Сондай-ақ олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 миллион теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған.
Қаскөйлер 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды. ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес олар уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген мәліметте.
Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Өрттен бір отбасынан 14 адам қаза тапты
Келесі жаңалық
Олжас Бектенов Қосшының бас жоспарымен танысты