Алматыда сот шешімі бойынша тротуарда және жалпыға ортақ жерлердегі бірнеше сауда нүктесі мен дәмхана сүріледі. Бұған дейін Төле би мен Момышұлы көшелерінің қиылысындағы бұл жерді кәсіпкер әкімдіктен жалға алған болатын, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жалдау мерзімі біткен соң бизнесмен жерді мемлекетке қайтарудан бас тартты. Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы оны сотқа берді. 2021 жылдың қыркүйегінде ауданаралық экономикалық сот өз бетінше салынған ғимараттарды бұзып, жерді жалпы пайдалануға қайтару туралы шешім қабылдады.
Алматы қалалық соты меншік иесінің талап арызын қараусыз қалдырды. Қазір бірінші сатылы соттың шешімі заңды күшіне енді. Ғимараттарды бұзу мерзімін сот орындаушысы тағайындайды.
Алматыда бірқатар сауда нүктесі мен дәмхана сүріледі
Оқи отырыңыз
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады