Жаңалықтар

Алматыда бірден алты ғимаратқа «бомба қойылды»

Алматыда бірден алты ғимаратқа «бомба қойылды»
Фото: polisia.kz 23.02.2023 20:45 609

Алматы қаласының полициясына бірден алты нысанға бомба қойылғаны туралы хабар түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алматы қалалық полиция департаментінен хабарлағандай, қаланың жедел қызметі бомба қойылғаны туралы хабар түсісімен қала аумағында орналасқан алты объектіде тексеру жүргізген.

Атап айтқанда, үш банк, Қазақ-Британ техникалық университеті, автоорталық және әуежайға бомба қойылғаны туралы ақпарат түскен.

«Қазіргі уақытта бес нысан тексеріліп, ақпараттың жалған екені анықталды. Тағы бір нысанда, яғни, қаладағы банктердің бірінде тексеру жұмысы жалғасып жатыр»,- деп хабарлады полиция.

Арнайы іс-шараға сапер бөлімшелері мен арнайы мамандар жұмылдырылған.

Алматы полициясы азаматтарды өтіп жатқан шараларға түсіністікпен қарап, жәрдем көрсетуге шақырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға