Жаңалықтар

Алматыда бес жастағы бала канал суына ағып бақилық болды

Алматыда бес жастағы бала канал суына ағып бақилық болды
05.08.2023 09:50 727
Алматы облысында бес жасар бала каналдың суына ағып кетіп, ажал құшты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
 
Бүлдіршіннің денесін Жомарт саяжайының тұрғындары іздеп тапты. Бала бұл ауылға қонаққа келген көрінеді. Жұрт қайғылы оқиғаға каналға жауапты мемлекеттік мекемені кінәлап, кәріз суы ағатын аумақ мүлдем қоршалмай, қауіпсіздік талаптары сақталмағанын айтып отыр.
 
Сондай-ақ, тұрғындар ағысы қатты суға ойын балалары абайсызда құлап, өлім-жітім көбейе ме деп те алаңдайды. Қайғылы оқиға 3 тамыз күні жасар ойын баласының аяқ киімі каналға түсіп кетеді. Жеткіншек соны аламын деп суға ағып кеткені белгілі болып отыр. Оның денесін саяжай тұрғындары үш сағатта әрең тауыпты.
 
Ағысы қатты, тереңдігі екі метрге жуық канал елдімекеннің дәл іргесінде ағып жатыр. Бұл - биологиялық тазалаудан өткен кәріз суы. Оқушылар осы каналдың үстіндегі шағын көпір арқылы мектепке барады.
 
Бұл - "Іле ирригация" су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының каналы. Аталған мекеме кәріз суын егістік алқабын суаруға пайдаланады екен. Олардың айуынша, каналдан кейін салынған үйлер суға тым жақын орналасқан.
Канал 2016 жылы салынған. Ол кезде жобада бетін жабу көзделмеген. Себебі, ана жерде ондай мекенжай болған жоқ. Кейін көбейіп кетті. Екіншіден, саяжайға жер берілгенде су қорғау талаптары сақталмаған. Біз енді жоғары жаққа ұсыныс беріп, хат жазып жатырмыз. Ана жердің бетін жабамыз ба, сетка тартамыз ба, амалын қарастырып ұсыныс жасалды", - дейді "Іле ирригация" су шаруашылығының бас инженері Ербол Нүкен.
Мемлекеттік мекеме өкілдері бәріне жерді оңды-солды сатқан адамдар кінәлі екенін айтады. Себебі, баспаналар каналдан кемі 25 метр қашықта тұрғызылуы тиіс. Сондықтан саяжай жұртын сабырға шақырды. Ал әкімдіктегілер каналдан өтетін өткел салып беруден басқа қолдан келер шара жоқ екенін жеткізді. 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға