Жаңалықтар

Алматыда балаларды бірінші сыныпқа қабылдау басталады

Алматыда балаларды бірінші сыныпқа қабылдау басталады
Фото: El.kz 31.03.2023 15:53 556

Балаларды бірінші сыныпқа тіркеу 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Өтінімді egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы онлайн беруге болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ата-аналардың өтініші бойынша құжаттарды дәстүрлі қағаз түрінде де өткізуге рұқсат. Бірінші сыныпқа 6 жастан бастап қабылданады.

Даярлық деңгейіне қарамастан мектепте жақын маңдағы барлық бала оқуға құқылы. Егер бос орын болса, кез келген мемлекеттік мектепке тіркелуге болады.

Ал өтінім беру үшін тұрғылықты жерді растайтын тіркеу (уақытша немесе тұрақты) қажет.
Өтініш беру үшін тіркеу қажет: тұрғылықты жерін растайтын уақытша немесе тұрақты. Биыл 1-2 сәуір демалыс күндеріне сәйкес келетіндіктен, барлық өтінім 3 сәуірден бастап пысықталады.

Құжатты қалай өткізуге болатынын бейнероликтен көріңіз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға