Жаңалықтар

Алматыда балабақшадағы балалар эвакуацияланды

Алматыда балабақшадағы балалар эвакуацияланды
Фото: Әлеуметтік желі 04.03.2024 12:41 317

Алматыдағы жер сілкінісінен кейін ата-аналарға балаларын балабақшадан алып кету керектігі ескертілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тәрбиешілер балаларды балабақшалардан эвакуациялады, әзірге барлығы көшеде жүр. Ата-аналардан балаларды балабақшалар мен мектептерден алып кетуді сұрайды.

Сондай-ақ желіде алматылықтардың далада жүрген суреттері мен видеолары таралып жатыр.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.2.
MPV магнитудасы 6.1.
Эпицентрдің координаттары 42.93° с.е. 76.96° ш.б.
Тереңдігі 10 км.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматы 5 балл.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға