Жаңалықтар

Алматыда автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасалған

Алматыда автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасалған
Фото: Видеодан кадр 24.04.2023 15:35 607

Алматыда жол бойында орын алған жанжал видеоға түсіп қалды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жеңіл көлікте отырған бір топ жігіт автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған, - деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"№50 автобус жүргізушісіне жеңіл көлікте отырған бұзақылар пышақ кезеген. Олар кеткенше адам толы автобус қозғалысын тоқтатқан", - делінген видеоның сипаттамасында.

Алматы полиция департаменті оқиғаның 21 сәуірде Райымбек даңғылында болғанын мәлімдеді.

"21.04.2023 жылы сағат 19.30 шамасында 102 пультіне Райымбек даңғылы мен Төретай көшесінің қиылысында автобус жүргізушісі мен "Жигули" көлігінің жүргізушісі арасында жанжал туындағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға жолға таласқан ер адамдар арасында болғанын анықталды. Жеңіл көлік жүргізушісінің жеке басы анықталды. Оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Ескерту: бейнеде бейпіл сөздер кездеседі!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға