Жаңалықтар

Алматыда автобус өртке оранды

Алматыда автобус өртке оранды
Фото: Видеодан алынған кадр 27.02.2024 14:08 617

Алматыда автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық ТЖД-ның мәліметінше, сағат 11:45-те Алатау ауданының құтқарушылары Қарасу ықшамауданында автобустың жанып жатқаны туралы хабарламаға шықты.

Құтқарушылар сағат 11:53-те жетті. 10 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сағат 12.00-де сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер болған жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Отты сөндіруге қалалық ТЖД-ның 10 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға