Жаңалықтар

Алматыда ауа сапасы нашарлайды

Алматыда ауа сапасы нашарлайды
Фото: ©El.kz 29.10.2023 07:30 661

29 қазанда Қазақстанның барлық дерлік аумағында қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, жексенбі күні ауа сапасы тек Алматы қаласында нашарлайды. Өзге қалаларда метеоахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға