Жаңалықтар

Алматыда алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушылары бас қосты

Алматыда алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушылары бас қосты
Фото: Қорғаныс министрлігі 25.02.2024 21:44 344

Алматы қаласында Satbayev University институтында қала мектептері алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушыларымен оқу жиыны өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Соңғы жиырма жылда алғаш рет өткен іс-шараға жүзден аса әскери басшылар жиналды. Онда әскерге шақырылғанға дейінгі жастармен әскери-патриоттық жұмыстың әртүрлі аспектілері, соның ішінде оқу-материалдық базаны жақсарту, оқытудың заманауи әдістерін енгізу және әртүрлі ұйымдар мен ведомстволармен өзара іс-қимылды күшейту талқыланды. 

Жиында Satbayev University Әскери істер институтының бастығы запастағы генерал-майор Василий Рыспаев, Қорғаныс министрлігі Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары полковник Руслан Омаров және Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы сөз сөйледі. 

Білім министрлігі Қорғаныс министрлігімен бірлесіп бастапқы әскери дайындық бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу үстінде. Жоба қазірдің өзінде дайын боп қалды. Құжатта АӘД оқытушыларымен өткен бүгінгі жиында айтылған ұсыныстар да ескеріледі, – деп атап өтті полковник Руслан Омаров.              

Айта кету керек, Satbayev University өз студенттері үшін ғана емес, сонымен қатар Алматы қаласындағы басқа ЖОО өкілдері үшін де әскери даярлық бойынша оқыту орталығы болып табылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға