Жаңалықтар

Алматыда 9,7 мың бала оңалтудан өтті

Алматыда 9,7 мың бала оңалтудан өтті
Фото: Алматы қалалық әкімдігі 17.08.2023 14:00 890

Алматыда балаларды тәулік бойы 8 медициналық ұйымы оңалтудан өткізеді.

Алматы қалалық әкімдік мәліметінше, екі кезеңді оңалту - нейрохирургиялық, неврологиялық, кардиологиялық және травматологиялық бейіндер бойынша №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының базасында, сонымен қатар, екі бағыт: нейрохирургиялық және травматологиялық бағыттар бойынша жүргізіледі. 3 кезеңді оңалту бес мемлекеттік балаларды оңалту орталығында және бір жекеменшік орталықта жүргізіледі.

Балаларды ерте оңалту орталығы неврологиялық патологиясы бар 3 жастан 7 жасқа дейінгі балаларды қабылдайды; тыныс алу органдарының аурулары бар (демікпе, бронхит, пневмониямен ауырған) сол жастағы балаларды «Алау» оңалту орталығы қабылдайды; ал тыныс алу органдары мен жүйке жүйесінің аурулары бар 8 жастан 14 жасқа дейінгі балалар «Балдәурен» орталығында балаларды оңалтудан өтеді. Қалалық балаларды оңалту орталығы 3 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға церебральды сал ауруы, парез, сал ауруы, сонымен қатар, ми мен жұлын жарақатынан немесе инсульттан кейінгі жағдайда (аутист балалар, Даун ауруы және т.б.) психоневрологиялық көмек көрсетеді. 1 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға фтизиопульмонология балаларды оңалту орталығында туберкулезге қарсы және пульмонологиялық емдеу жүргізіледі. Ал неврологиялық бейін бойынша балалар жеке оңалту орталығында оңалтудан өтеді.

Көрсетілім болған және қарсы көрсетілім болмаған кезде балаларды емдеуге E-Gov электрондық үкімет порталы арқылы қала емханаларынан учаскелік дәрігерлер жолданады.

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматыда тәулік бойы оңалту орталықтары мен стационарларда 5 626 бала оңалтудан өтеді, оның 606-ы мүмкіндігі шектеулі. Бұдан басқа, мемлекеттік тапсырыс аясында балаларға оңалту көмегі қала емханаларында да көрсетіледі. Амбулаториялық деңгейде және күндізгі стационарларда 4 131 бала оңалтудан өтті, - деді штаттан тыс бас балалар реабилитологы Эльвира Роот.

Балалармен көпсалалы топ жұмыс істейді, оған құрамында реабилитолог, жаттығу терапиясының нұсқаушысы немесе кинезитерапия маманы, кәсіби терапевт, массаж терапевті, психолог, психотерапевт, логопед және т.б. әртүрлі мамандар бар. Әр балаға жеке оңалту жоспары жасалады. Бұған қоса, бейімделген бағдарлама бойынша мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың таным кеңейту, есте сақтау мен ойлауды дамыту, сонымен бірге адамгершілік тәрбие беру мақсатында сабақтар топпен өткізіледі. Бұл жағдайда балалардағы психо-педагогикалық патологиялар ескеріледі.

Сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының немесе ресми өкілдерінің ортақ жауапкершілігін дамыту үшін медицина қызметкерлері тұрақты негізде тренингтер, семинарлар өткізеді. Әрі ата-аналармен бірге балаларды оңалту жаттығуларын үйрету сабақтары үнемі өткізіліп тұрады, осылайша олар үйде де сабақтарын жалғастыра алады. Балалардың қасында үнемі жүретін жандар да барлық мамандықты үйренеді. Ал ата-аналарға тренингті психологтар өткізеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға