Жаңалықтар

Алматыда 9 жастағы оқушы жоғалып кетті

Алматыда 9 жастағы оқушы жоғалып кетті
Фото: Polisia.kz 06.12.2022 17:00 1330

Бүгін таңғы сағат 07:40-та Сейфуллин даңғылындағы үйден Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы мектепке кеткен 9 жастағы Айша Тимур табылмай жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айшаның үстінде қызғылт күртеше, мектеп белдемшесі болған. Аяғына қара етік киген. Басында көк қалпағы бар.

ІІМ сайтында іздеу жарияланған қыздың арық денелі, шашы қара түсті екені жазылған. Сондай-ақ ол сабаққа қызыл түсті рюкзак асынып кеткен.

Алматы қаласының полициясы қыздың жүрген жері, қайда екендігі немесе қызға қатысты басқа да мәліметтер туралы білетіндердің барлығын мына телефондар арқылы дереу хабарлауға шақырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға