Жаңалықтар

Алматыда 7 адамнан тұратын отбасы жоғалып кетті

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті
Алматыда 7 адамнан тұратын отбасы жоғалып кетті
Фото: baq.kz 03.01.2023 19:09 1188

Бүгін сағат 8:00-де Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөлімі пультіне адамдар іс-түссіз жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Алматы облысында 7 адамнан тұратын отбасын іздестіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Нақтырақ айтсақ, Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылынан 80 шақырым жерде, таулы аймақтағы Бортоғай су қоймасында 7 адамнан тұратын отбасы (төрт ер адам, екі әйел адам және бала) жоғалып кеткен. Олар 2 қаңтарда екі көлікпен Алматыдан Асы үстіртіне қарай шығып, үйлеріне оралмаған.

Жоғалған адамдарды іздеу жұмыстарын Төтенше жағдайлар департаменті, республикалық жедел-құтқару жасағы, жергілікті атқарушы органдар мен аудандық ішкі істер бөлімі жүргізіп жатыр. Іздеу шараларына дрон жұмылдырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға