Жаңалықтар

Алматыда 5 жасар бала көршілер чатына хабарлама жіберіп, анасын өлімнен сақтап қалды

Алматыда 5 жасар бала көршілер чатына хабарлама жіберіп, анасын өлімнен сақтап қалды
Фото: ©pixabay.com 24.04.2024 10:33 2849

Алматы қаласында 5 жасар бала көршілер чатына анасына көмек сұрап, хабарлама жіберіп, анасын бір өлімнен аман алып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі CMN сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 19 сәуірде сағат 9:55-те 13-қабаттағы пәтердің бірінде болған. Аяқ астынан Гүлмира есімді әйел есін жоғалтып, еденге құлайды. Осы сәтте ұлы Ален анасының телефонын ашып, көршілермен ортақ чатты тауып, «өтінемін, көмектесіңіздер, анам өліп кетуі мүмкін, дәрігер шақырыңыздаршы», деп дауыстық хабарламалар жіберген.

Мұны естіген көршілер дереу жедел жәрдемге хабарласады да, Ален тұратын үйге бет алады. Бала еш үрейленбестен есікті ашып, көршілерді, 20 минуттан кейін келген дәрігерлерді үйіне кіргізеді. Жедел жәрдем келгенде әйелдің есі кіресілі-шығасылы еді. Дереу ол ауруханаға жеткізілді.

Көршілері баланың төтенше жағдайға тез әрекет еткеніне сүйсінді. Олар анасы жазылып келгенде Аленге өздері жиналып сыйлық жасауды ұйғарып отыр.

Әйелдің қазіргі жағдайы әзірге белгісіз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға