Жаңалықтар

Алматыда 2,5 мыңға жуық отбасы баспаналы болды

Алматыда 2,5 мыңға жуық отбасы баспаналы болды
Фото: © Pixabay.com 09.01.2024 00:10 508

Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының дерегінше, 2023 жылы 2 454 отбасы баспаналы болды, оның 2049-ы қолжетімді тұрғын үй бағдарламасы бойынша, 405-і коммуналдық тұрғын үй қорынан үй алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық әкімдігінің мәліметінше, 2023 жылғы желтоқсанда «Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы аясында Алматының 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарынан өтініш пен құжат қабылдау аяқталды. Бұл бағдарлама аясында Наурызбай ауданында 3 жыл мерзімге 2100 пәтер беріледі деп болжанып отыр.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың жеке бастамасымен халықтың әлеуметтік осал топтарына (ХӘОТ) 2000 пәтер бөлу туралы шешім қабылданды, оның 20%-ы жетім балаларға бөлінеді. ХӘОТ үшін пәтер бөлу 2024 жылдың көктемінде жоспарланған.

2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында Алматыда мынадай мемлекеттік бағдарламалар іске асырылып жатыр:

  • Жылдық 2% мөлшерлеме бойынша 2-10-20 («Бақытты отбасы»);
  • Жылдық 5% мөлшерлеме бойынша 5-10-20 («Шаңырақ»);
  • «Алматы жастары» қалалық бағдарламасы.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға