Жаңалықтар

Алматыда 22 жол апаты болды

Алматыда 22 жол апаты болды
Фото: © Pixabay.com 15.03.2024 12:06 612

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, көшедегі кептеліс жол қозғалысын реттеушінің көмегімен қалыпқа келтірілген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жол апатынан көз жұмғандар жоқ.

Толассыз жауған қар жолдағы қозғалысқа да кедергі келтіріп тұрғанымен, коммуналдық қызмет өкілдері тынымсыз еңбек етіп жатыр. Полиция қызметкерлері жүргізушілерді қауіпсіз арақашықтықты сақтауға, бір-біріне құрметпен қарауға, ал жаяу жүргіншілерді сақ болуға, арнайы жолақтарған ғана өтуге шақырады.

Алматыда 14 наурыз күні сағат 15:30-дан 15 наурыз сағат 5:00-ке дейін қалыңдығы 15 см қар жауды.

Түнгі уақытта 367 бірлік техника және 171 жұмысшы қар күреуге шықты. 148 құм таратқыш арқылы көктайғаққа қарсы материалдар себілді. Сағат 07:00-дегі жағдай бойынша 1193 тонна қолданылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға