Жаңалықтар

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды

07.06.2025 09:12 1901
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық зерттеулер институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 7 маусымда Астана уақытымен 08 сағат 33 минутта жер сілкінісін тіркеді.

Жерасты дүмпуінің эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 279 шақырым жерде орналасқан.

Сезілуі бойынша мәлімет:

Алматы қаласында – 2 балл.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға