Жаңалықтар

Алматыда 101 шетелдік азамат елден шығарылды

Алматыда 101 шетелдік азамат елден шығарылды
Фото: © Polisia.kz 03.11.2023 20:19 633

Алматыда 101 шетелдік азамат Қазақстан Республикасынан шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz-тің мәліметінше, жергілікті профилактикалық іс-шаралар барысында қаладағы көші-қон қызметі мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері 305 шетелдікті анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Анықталғандардың көбі – Өзбекстан мен Африка құрлығы елдерінің азаматтары.

ПД-ның қабылдап-тарату ғимаратына жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 106 шетел азаматы орналастырылды. Сот қаулысымен 101 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды. Тиісті шара қолданбағаны үшін 115 қабылдаушы тарап ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды: 97 жеке тұлға, 18 заңды тұлға. Төрт компанияға қатысты “Халықтың көші-қоны туралы” ҚР Заңына сәйкес алдағы уақытта шетелдіктерді шақырудан бас тартылады, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға