Жаңалықтар

Алматыда 100-ден аса үй газсыз қалды

Алматыда 100-ден аса үй газсыз қалды
Фото: © Pixabay.com 07.02.2024 22:33 476

Алматыда 130 көпқабатты және ондаған жер үй газсыз отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы өндірістік филиалының газ желілерін пайдалану қызметі Бөгенбай батыр көшесі, 103 мекенжайы бойынша және "Мұзтау" шағын ауданында газдың ағып кетуін анықтады.

Осыған байланысты 7 ақпан күні кештен бастап "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Құрманғазы – Панфилов – Қайырбеков – Төле би көшелерінің алаңында 130 көпқабатты үй көлемінде газды тамақ дайындау үшін пайдаланатын және 18 жеке сектордағы үйлер газбен жабдықтауды тоқтатты, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, "Мұзтау" шағын ауданында ажырату жұмыстары жүргізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға