Жаңалықтар

Алматы облысында құны 360 млн теңге тұратын киік мүйізі тәркіленді

Көліктің салонынан 2048 дана киік мүйізі салынған 13 қап табылды
Алматы облысында құны 360 млн теңге тұратын киік мүйізі тәркіленді
Фото: polisia.kz 27.07.2022 09:27 1931

Алматы облысында полиция құны 360 млн теңге болатын киік мүйізін тәркіледі, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері 25 шілде күні жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру барысында киік мүйізін заңсыз алып бара жатқан бір топ адамды ұстады.

«Жедел іздестіру жұмыстары барысында «Алматы-Бішкек» республикалық трассасының барысында солтүстікке қарай кетіп бара жатқан көлік тоқтатылды. Көліктің салонынан 2048 дана киік мүйізі салынған 13 қап табылды. Аумақтық орман шаруашылығы өкілдерінің алдын ала есебі бойынша мемлекетке келген шығын 360 млн теңгені құрап отыр. Ұсталған күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 339 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр»,-деді Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Сондай-ақ осы уақытта мүйіздердің қайдан алынған анықталып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға