«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы қашан басталады?

 Gov.kz
Фото: Gov.kz

«Отбасы банктің» баспасөз қызметі 1 маусымнан бастап «Алматы жастары»  бағдарламасына өтінім қабылдау басталатынын хабарлады.

Бағдарламаның негізгі шарттары:

  • несие сомасы – 20 млн теңгеге дейін
  • пайыздық мөлшерлеме – 5 пайыз
  • бастапқы жарна – 10 пайыз
  • бастапқы және қайталама нарықтан тұрғын үй алуға болады.

Қатысу шарттары:

  • қатысуышының жасы 35-тен аспауы керек
  • Алматы қаласында кемінде 1 жыл тұрақты тіркеуі болуы қажет
  • кейінгі 5 жылда қатысушының және отбасы мүшелерінің атында тұрғын үй болмауы тиіс
  • Алматы қаласында кемінде 6 ай ресми еңбек өтілі болуы керек
  • міндетті зейнетақы жарналарының болуы қажет.

Өтінім қабылдау 1 маусым сағат 09:00-ден 15 маусым сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Өтінім беру kezekte.kz порталы арқылы жүзеге асады. Порталға кіру үшін ЭЦҚ кілті қажет болады. 2025 жылдан бастап осы бағдарламасы бойынша несиелендіру мөлшері 18 миллионнан 20 млн теңгеге дейін ұлғайтылғаны тағы бар. 

Оқи отырыңыз