Жаңалықтар

Алматы тұрғыны 250 мың доллары бар сейфті ұрлап, көңге тығып қойған

Алматы тұрғыны 250 мың доллары бар сейфті ұрлап, көңге тығып қойған
Фото: © Polisia.kz 28.08.2023 10:55 1257

Медеу ауданының полицейлері Алматы облысының 34 жастағы күдікті тұрғынын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті сейфті үйдің терезесінен ұрлап әкеткен. Ұрлық кезінде үй иелері болмаған. Олар бірнеше күн бұрын демалысқа кеткен.

Жеке кәсіпкер үйінде сақтаған сейф ішінде 250 мың АҚШ доллары болған. 

Күдікті ұсталып, тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді. Ол ақшаны көңнің арасына жасырған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға