Жаңалықтар

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді
Фото: © Phys 19.12.2023 11:00 601

19 желтоқсан күні сағат 07:44-та Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ешқандай зақым болған немесе қираған жағдай байқалған жоқ, ахуал тұрақты. «112» және «101» жүйелеріне тұрғындардан қоңырау түскен жоқ, - делінген Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінде.

«Сейсмологиялық тәжірибе әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық станциялар желісінің дерегінше, зілзала ошағы Алматы қаласынан 347 шақырым жерде, Алматыдан оңтүстікке қарай Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 12.6 MPV, магнитудасы – 6.0. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша Алматыда 2 балл қуатымен сезілген.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға