Жаңалықтар

Алматы төңірегінде жер сілкінді

Алматы төңірегінде жер сілкінді
Фото: © Pixabay.com 06.10.2023 11:45 1332

Алматы төңірегінде жер сілкінді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 6 қазан күні сағат 00.43-те жер сілкінісін тіркеді.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 212 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 9.9. MPV магнитудасы – 4.2. Эпицентр координаттары – 42.00° с.е. 79.93° ш.б. Тереңдігі – 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша тербелістің сезілуі туралы мәлімет түспеген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға