Жаңалықтар

Алматы төңірегінде тағы да жер сілкінді

Алматы төңірегінде тағы да жер сілкінді
Фото: © Pixabay.com 16.05.2023 17:30 812

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 16 мамыр күні, Алматы уақытымен сағат 15.13-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 311 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасты. Энергетикалық санаты – 9.7. MPV магнитудасы – 4.4. Эпиоцентр координаттары – 340.75° с.е. 78.73° ш.б. Тереңдігі – 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға