Алматының тауларында құтқарушылар жасөспірімдерге көмектесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ТЖМ мәліметінше, Медеу ауданында орналасқан Хрищатый шыңының маңында (3950 м) 17 жастағы екі жасөспірім таудан өз бетінше түсе алмай, құтқарушылардан көмек сұраған.
Оқиға орнына дереу шыққан ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары Мыңжылқы платосына дейін жетіп, ары қарай Амангелді асуы арқылы жаяу іздеу жұмыстарына кіріскен.
Құтқарушылар екі жасөспірімнің біріне алғашқы медициналық көмек көрсетті. Екеуі де қауіпсіз жерге жеткізілді, - делінген мәліметте.