Жаңалықтар

Алматы тұрғындары полицейлерге алғыстарын білдірді

Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлімдеді
Алматы тұрғындары полицейлерге алғыстарын білдірді
Фото: El.kz 30.09.2022 14:34 2083

Алматы тұрғындары полицейлерге алғыстарын білдірді, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алмалы ауданының тұрғындары учаскелік инспекторлар мен патрульдік полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдірді. Қоғам қайраткерінен Алматы қалалық ПД басшылығының атына тәртіп сақшыларының өз міндеттерін адал атқарғанын атап өткен алғыс хат келіп түсті. 

Хат авторы Арбат пен оған іргелес аумаққа қызмет көрсететін полицейлердің мұқият көзқарастары үшін алғысын білдіреді. Оның ішіне қарт адамның тұрғылықты жеріне жақын орналасқан полиция модулі, осы аймақтың учаскелік инспекторлары, дабылдарға дереу әрекет ететін патрульдік экипаждар да кіреді.

 – Екі үйдің арасында, тыныш көшеде жастар жиі жиналады, әуен қатты ойнайды, көліктермен дрифт жасайды. Біздің қауіпсіздігімізге, тыныштыққа және өз міндеттеріңізге адал көзқараспен қарап, қызмет жасап жатқандарыңыз үшін рақмет. Менің алғыс сөздерім – қала аудандарын күні-түні патрульдейтін, міндеті әрқашан қырағы болып, кез келген жағдайда көмекке келетіндер үшін қосымша ынталандыру болады, – деді үндеу авторы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға