Жаңалықтар

Алматы қыз балаға қорлық көрсеткен жүргізуші қамауға алынды

Алматы қыз балаға қорлық көрсеткен жүргізуші қамауға алынды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 30.08.2023 11:22 799

Алматыда қызды қорлаған мопед жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

24 тамыз күні Наурызбай аудандық ПБ-на 25 жастағы қыз мопед мінген белгісіз ер адамның өзін қорлағанын айтып, арызданған.

Күдікті бірден анықталды. 2001 жылы туған М. есімді азамат ұсталды. Оның әрекеті ӘҚбтК-нің 434-бабымен сараланды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, - деп жазылған министрлік таратқан. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға