Жаңалықтар

"Алматы-Қорғас" тас жолында екі автокөлік соқтығысып, жанып кетті

"Алматы-Қорғас" тас жолында екі автокөлік соқтығысып, жанып кетті
Фото: Видеодан кадр 19.11.2023 16:18 517

Жол апаты 18 қарашада Жаркент қаласының маңында екі Аудидің қатысуымен орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнынан ауруханаға 5 адам жеткізілді, оның біреуі медициналық тексеруден кейін ауруханаға жатқызылды. 

Автокөліктер "Алматы-Қорғас" тас жолының 336 шақырымында соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша, автомобильдердің бірінде дөңгелегі жарылып, нәтижесінде жүргізуші рульге ие болмай, басқа көлікпен соқтығысуға жол берді. Бұл жағдай кейіннен екі шетелдік көліктің де өртенуіне себеп болды. Өртті оқиға орнына шақырылған өртке қарсы қызметінің өрт сөндірушілері өшірді.

Полиция апаттың барлық жағдайларын мұқият анықтауда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға