Жаңалықтар

Алматы қаласында бір уақытта екі өрт болды

Алматы қаласында бір уақытта екі өрт болды
Фото: Видеодан кадр 27.05.2024 10:22 335

Алматылық құтқарушылар бір мезгілде екі өртті сөндірді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Бірінші оқиға Наурызбай ауданының Қалқаман шағын ауданында болған. Тұрғын үйдің жертөлесінде макулатура жанып кеткен.

Тұрғындар пәтерінен өздері шыққан. Алматылық құтқарушылар өртті
шақыртудан кейін жарты сағаттың ішінде тілсіз жауды сөндірді.

Екінші оқиға Жетісу ауданындағы жеке тұрғын үйде орын алды. Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыды.

Өрт салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі қазіргі таңда анықталып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға