Жаңалықтар

Алматы қаласы спорт басқармасының бұрынғы басшысы сотталды

Алматы қаласы спорт басқармасының бұрынғы басшысы сотталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 26.05.2023 15:30 443

Медеу аудандық №2 соты Алматы қаласы спорт басқармасының экс-басшысы Рүстем Байсейітов пен оның қарамағындағыларға үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сот үкімімен Рүстем Байсейітов кінәлі деп танылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан және 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Ол жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-түзеу жүйесі мекемесінде өтейтін болады. Спорт басқармасының бұрынғы басшысы сотта өз кінәсін толық мойындамайтынын айтты.

Сонымен қатар  Алматы қаласы спорт басқармасының қаржы-экономикалық бөлімінің бұрынғы басшысы Әйгерім Байғонова 3 жыл 6 айға«Қазақстан Гольф Федерациясы» РҚБ-ның спорт менеджері Әлия Смақова 3 жылға, Qazaq Sport ЖШС директоры Ержан Мұхаманов 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұған дейін олар 360 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінген.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға