Жаңалықтар

Алматы полициясы есірткі притонын жойды

Алматы полициясы есірткі притонын жойды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 22.05.2024 17:49 402

Алматы полициясы тағы бір есірткі притонын жойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының мәліметінше, есірткі притоны Жетісу шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Үй иесі мен оның кейбір қасындағылардың тұрғылықты жерін тінту кезінде полиэтилен байламдары, өсімдік тектес заты бар сіріңке қораптары, электронды таразылар табылды және тәркіленді.

Ұсталғандар гашиш пен марихуананы жеке пайдалану үшін сақтағандарын айта бастады. Тәркіленген заттардың шығу тегі мен иесін анықтау мақсатында сот-химиялық сараптама тағайындалды. Есірткі заттарды тұтыну және заңсыз сақтау үшін орын ұйымдастыру деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға