Жаңалықтар

Алматы полициясы 5 есірткі зертханасын жойды

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Алматы полициясы 5 есірткі зертханасын жойды
Фото: gov.kz 13.10.2022 19:37 1252

Алматы полициясы 5 есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасында бұрын хабарланғандай, биылғы жылдың 9 айында шаһарда есірткінің заңсыз айналымына қатысты 461 құқық бұзушылық анықталған.

– Заңсыз айналымнан 600 келіге жуық есірткі тәркіленді, оның 15 келісі “синтетика”. Сонымен қатар, жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде синтетикалық препараттарды шығаратын 5 зертхана жойылды. Мысал ретінде бір эпизодты келтірейін: қарапайым үйде есірткі зертханасын ұйымдастырған 20-23 жас аралығындағы алты жас жігіт ұсталды. Ғимаратты рұқсат етілген тінту кезінде химиялық реагенттер, синтетикалық есірткі өндіруге арналған түрлі компоненттер, сондай-ақ, сатуға дайын 6 келіге жуық мефедрон тәркіленді. Бұл өнімнің сатылымдағы бағасы 150 миллион теңге болар еді. Айта кетейік, жеңіл жолмен ақша табу жолында ұсталғандардың әрқайсысы 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға