Жаңалықтар

«Алматы-Өскемен» тасжолында жол апаты болып, бір адам көз жұмды

«Алматы-Өскемен» тасжолында жол апаты болып, бір адам көз жұмды
Фото: El.kz/Нұркен Алишев 09.11.2023 23:20 465

«Алматы-Өскемен» тасжолының Шығыс Қазақстан облысындағы аумағында жол апатынан 1 адам көз жұмды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Жол-көлік оқиғасы 9 қараша күні «Алматы-Өскемен» тасжолының 1075-шақырымында болған. «Зил» және «ВАЗ-2114» көліктері соқтығысып қалды. Соның салдарынан бір жолаушы сол жерде тіл тартпай кетті.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне (көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Барлық мән-жай анықталуда, - делінген ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға