Жаңалықтар

Алматы-Өскемен тас жолында жол апатынан бір адам қаза тапты

Алматы-Өскемен тас жолында жол апатынан бір адам қаза тапты
Фото: polisia.kz 14.03.2023 12:35 1279

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін Жетісу облысы Кербұлақ ауданында болған, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі.

Toyota Carina және JAC N80 автомашиналарының соқтығысқан. Алдын ала анықталғандай, Toyota автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі Алматы-Өскемен тасжолының 159-шақырымында жолды бөліп тұратын қоршауға соғып, инерция бойынша бір бағытта  бара жатқан JAC жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол апатынан 68 жастағы әйел қаза тапты. Сондай-ақ оқиға орнынан 70 жастағы ер адам мен 62 жастағы әйел түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, – делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға