Жаңалықтар

Алматы облысының полицейлері пәтер ұрыларын қолға түсірді

Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс Қарасай ауданының ПБ тіркелді
Алматы облысының полицейлері пәтер ұрыларын қолға түсірді
Фото: Polisia.kz 04.10.2022 20:58 753

Алматы облысының полицейлері пәтер ұрыларын қолға түсірді, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысы ПД бастығының нұсқауы бойынша жедел-іздестіру іс-шарасын өткізу барысында Қарасай ауданы ПБ КПБ қызметкерлері ПД КПБ-мен бірлесіп пәтер ұрыларын ұстады. Олардың 10 қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Шығын көлемі 

– 2 млн теңгеге жуық. – Қазіргі уақытта ұсталғандар өз қылмыстарын мойындап отыр. Полиция қызметкерлері олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде. Ұсталғандар бұрын бірнеше рет жауапқа тартылып, сотты болғанын айта кеткен жөн, – деді Алматы облысы ПД КПБ бастығы Асхат Данияр.

 Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс Қарасай ауданының ПБ тіркелді. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға