Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚХА ЖАСТАР ЖЫЛЫНА «ЖОЛ КАРТАСЫН» ӘЗІРЛЕДІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚХА ЖАСТАР ЖЫЛЫНА «ЖОЛ КАРТАСЫН» ӘЗІРЛЕДІ
22.01.2019 12:14 1704

Талдықорған қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық жастар қозғалысының аймақтық "Жаңғыру жолы" штабының кеңейтілген отырысы өтті.

Күн тәртібінде республикалық жастар қозғалысы облыстық штабының ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы талқыланды.

Отырысты аймақтық "Жаңғыру жолы" штабының төрағасы Руфина Усанова ашты.

«Өткен жылы наурыз айынан желтоқсанға дейін біздің өңірлік штаб бірқатар іс-шара өткізді. 2019 жылға Жастар жылының жариялануына байланысты "Жаңғыру жолы" республикалық жастар қозғалысы аймақтық штабының жұмысын ілгерілету үшін "Жол картасы" жобасы әзірленді.

Аталған Жол картасы 3 бағыт бойынша іске асырылатын болады.

Жастар жылы шеңберінде  шеберлік сыныптар, тимбилдингтер, экологиялық, қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру, 2018 жылғы "Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы" жобасының жеңімпазымен шеберлік сыныптар, стартаптардың жобалары, көркем конкурстарды өткізу, жазғы лагерьді ұйымдастыру, шалғайдағы аудандар мен ауылдарда кездесулер ұйымдастыру жоспарланған.   

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға