Жаңалықтар

Алматы облысында жолаушының денесі көліктен шығарылды

Алматы облысында жолаушының денесі көліктен шығарылды
Фото: ҚР ТЖМ 09.03.2024 14:09 896

9 наурыз күні сағат 9:20-да Алматы облысындағы Қарасай ауданында Қайнар және Бекболат кенттері арасында жол көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ТЖМ мәліметінше, көлік ағашқа соғылған.

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары гидравликалық авариялық-құтқару құралын пайдалана отырып, жолаушының денесін авариялық автомобильдің салонынан алып шықты. 

Сағат 10:23-те оқиға орнында құтқару жұмыстары аяқталды, — делінген мәліметте.

ТЖМ құтқарушылары қауіпсіз жылдамдық режимін сақтау қажеттігін еске салады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға