Жаңалықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды

Алматы облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 23.03.2024 17:26 482

Алматы облысына жол апаты кезінде 3 адам қайтыс болды. Оқиға бүгін 23 наурызда сағат 14:45 шамасында  облыс аумағындағы «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 2460 шақырымында болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәліметке сәйкес, «Daewoo» көлігінің жүргізушісі көлікке ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Содан «DAF» жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол апатынан 3 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алды. Оқиға орнында тиісті жол белгілері орнатылды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ұжымы қаза болған азаматтардың жақындарына қайғыра көңіл айтады. 

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға