Жаңалықтар

Алматы облысында үш жасар бүлдіршін іздестіріліп жатыр

Алматы облысында үш жасар бүлдіршін іздестіріліп жатыр
Фото: Алматы облысы ПД 18.03.2024 13:48 4745

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында үш жастағы қыз іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

17 наурызда сағат 16:00 шамасында Күш ауылындағы Қарашеңгел аңшылық шаруашылығындағы үйінен шығып, оралмаған.

Қыздың бойы – 100-105 см, арықша келген, шашы қара әрі ұзын, қой көзді. Үстіне ақ жолақты капюшоны бар қызғылт күртеше, сұр көйлек, аяғына қызғылт етік киген.

Облыстық полиция департаментінің ресми өкілі аталған дерек дереу аудандық полицияда тіркелгенін атап өтті.

Қазіргі уақытта арнайы дайындалған иттерді қолдана отырып, кең ауқымды іздеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға