Жаңалықтар

Алматы облысында туримзе 60 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды

Алматы облысында туримзе 60 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 24.05.2024 21:44 384

Алматы облысында туризм саласына 60 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірге биыл туризм нысандары мен жобаларын дамытуға 60, 5 млрд. теңге инвестиция тартылып отыр. 

Облыстық туризм басқармасы ұйымдастырған баспасөз-турында өңірдегі көркем мекен Кеген ауданына қарасты Көлсай және Қайыңды көлдері таныстырылды. 2024 жылы осы күнге дейін дейін 80 мың турист Көлсай көлдерін тамашалауға келген. Алдағы жазғы маусымда бұл көрсеткіш 3 есеге ұлғаяды деп жоспарланған. Былтыр Көлсайға 250 мың адам келсе, биыл бұл сандар 400-ден асады деп күтілуде.

Өткен жылы Көлсай көлдеріне туристердің қауіпсіздігі үшін ағаштан жаяу жүргінші жолы жасалған еді, биыл бұл үрдіс жалғасын тауып, Қайыңды және Көлсай көлдеріне ұзындығы 470 метр болатын жол салынады», - деді облыстық туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлы. Қазіргі таңда дәл осы жерде инфрақұрылым мәселесі шешім тауып, келушілерге көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылуда.

Облыстық туризм басқармасы басшысының айтуынша, бүгінде туризм және спорт министрлігі әзірлеген 50/50 бағдарламасының аясында жол салу үшін өтінім берілген. Өтінім мақұлданған жағдайда, туристер көп келетін аумақта халықаралық стандарттарға сай жолдар салынатын болады.

Айта кетейік, өңірде туристердің ағынын ұлғайту үшін «Tengri Ultra», «OCEANMEN» сынды ірі жобалар жүзеге асырылады. Жақын арада, «QAZAQ MARATHON» спорттық шарасы өтеді деп жоспарланған, марафонға 2 мыңға жуық адам қатыспақ. Бүгінде Алматы облысында эко және агротуризмға баса назар аударылып отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға