Жаңалықтар

Алматы облысында тұрғын үйдегі өрттен ер адам қайтыс болды

Алматы облысында тұрғын үйдегі өрттен ер адам қайтыс болды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/LeonardoAI 25.02.2024 14:54 432

Алматы облысы ТЖД Қарасай ауданының Райымбек ауылдық округіндегі саяжай қоғамының тұрғын үйінде өрт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызыл жалын шарпыған аумақ 68 шаршы метрді құрады. 

Жеке тұрғын үйде өрт салдарынан төбе жабыны құлаған.

Оқиға орнына дереу Алматы облысы ТЖ департаменті мен Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері жұмыс істеді.

Өрт орнында 1960 жылы туған ер адамның денесі табылды. 

Бастапқы болжам бойынша өрттің себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға